搜索
热搜: music
门户 Culture Language view content

Әзірбайжан

2015-7-5 23:18| view publisher: amanda| views: 4357| wiki(57883.com) 0 : 0

description: Әзірбайжан Республикасы (әз. Azərbaycan Respublikası) — Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. ...
Әзірбайжан Республикасы  (әз. Azərbaycan Respublikası) — Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, Батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахчыван автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі.

Қысқаша сипаттама

Негізгі заңы – 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Міллі мәжліс, 125 депутаттан тұрады). Атқарушы үкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзірбайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км², халқы 9,5 млн. адам.[5] Астанасы – Баку (Бақы) қаласы. Халқының 83%-ы әзірбайжандар. Мемлекеттік тілі – әзірбайжан тілі. Халқы негізінен ислам дінін ұстанады.
Жер бедері
Azerbaijan location map.svg

Әзірбайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері – Базардүзі (4466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Құра-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 00С-тан 30С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 270С. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Құра және Аракс. Ең үлкен көлдері – Қажықабұл және Бөйүкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым.

Әзірбайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Әзірбайжанда өмір сүрген маналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың тайпалық одақтары негізінде құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Әзірбайжан жерінде кадусилер, каспилер, албандар т.б. қоныстанады. Біздің заманымыздан бұрынғы 9 ғасырда Маннада ертедегі құл иеленуші мемлекет, біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың 70-жылдары Мидия мемлекеті құрылып, оның құрамына Оңтүстік (Ирандық) Әзірбайжанның, кейінірек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстары да кірді. Бұл мемлекет 150 жылға дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі «Әзірбайжан» (грекше, сөзбе-сөз аударғанда «от сақтаушылар елі») деген атау шықты.
Тарихы

Біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 2 ғасырларда Әзірбайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында Албания мемлекеті пайда болды. Біздің заманымыздың 4 ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания Иранның қол астына өтеді. 8 ғасырдың басында арабтар Әзірбайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты. 9 ғасырдың басында Әзірбайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсы Бабек бастаған соғыс 20 жылға созылды. 11 ғасырдың ортасында Әзірбайжанды салжұқтар басып алды. Әзірбайжан халқы негізінен 11 – 13 ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың 30-жылдарында Әзірбайжанды және оған көрші елдерді моңғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. 16 ғасырдың басында Әзірбайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады. 16 ғасырдың соңына қарай Әзірбайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 17 ғасырдың 30-жылдарының аяғында Әзірбайжан Иранның қол астына қарады. 1723 – 35 жылдары Әзірбайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды. 1805 – 13 жылдары және 1826 – 28 жылдары орыс-иран соғыстары барысында Солтүстік Әзірбайжан Ресейге қосылды. 1917 жылы қарашада Әзірбайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1922 жылы 30 желтоқсанда Әзірбайжан Кавказ Федеративтік Кеңес Республикасы (КФКР), 1936 жылы КСРО құрамына кірді. Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзірбайжанның экономикалық және мәдени дамуы жүзеге асты. 1991 жылы 30 тамызда Әзірбайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылы 18 қазанда «Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен 1992 жылы 27 тамызда дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл-шаруашылығы

Әзірбайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әртүрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзірбайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әртүрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.

[6]
Саяси мәдениет

Негізгі заңы – 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Міллі мәжліс, 125 депутаттан тұрады). Атқарушы үкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзрбайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км2, халқы 8,6 миллион адам. Астанасы – Баку (Бақы) қаласы.

Әзірбайжан мемлекеті әкімшілік жағынан 59 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахчыван автономиялық Республикасы енеді. Нахчыван автономиялық Республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. Кеңес дәуірінде елдің құрамында болған Таулы Қарабақ автономиялық облысы бірнеше жылға созылған ұлт араздығы негізінде (халқының 87%-ы армяндар болатын) ресми түрде таратылды. Қазіргі кезде Таулы Қарабақтың басшылары өз аумағын тәуелсіз республика деп есептейді. 2010 жылы Әзірбайжан аумағында 9,0 миллион адам тұрды, қала халқының үлесі 52%-ды құрады.

Халықтың орташа тығыздығы 99 адам, әсіресе табиғат жағдайлары қолайлы Ленкоран ойпаты мен Апшерон түбегінде халық тығыз қоныстанған. Биік таулы аудандар мен Құра жазығының шөлейтті бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығы төмен. Мемлекеттік тілі – әзірбайжан тілі.
Халқы

Әзірбайжан — көпұлтты ел, бірақ соңғы онжылдықта орын алған ұлт араздығы салдарынан жергілікті емес ұлт өкілдері ел аумағынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Сонымен қатар Таулы Қарабақ мәселесіне байланысты Армениямен жанжал шиеленіскен жылдары көптеген әзірбайжандар тарихи отанына қайтты. Сол себепті қазіргі кезде ел халқының ұлттық құрамында әзірбайжандар үлесі артып отыр. Олар халықтың 82%-ын, орыстар 6%-ын, армяндар 5%-дан астамын құрайды. Елде Кавказ халықтары (лезгин, талыш, грузин, авар) мен түрік, күрд, татар, украин тәрізді ұлттардың өкілдері де тұрады. Негізінен, әзірбайжан (мемлекеттік тіл), орыс және түрік тілдері басым таралған. Дінге сенушілер арасында мұсылмандар басым, сондай-ақ христиан дінінің православие тармағының өкілдері де біршама.
Климаты

Әзірбайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері – Базардүзі (4466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Құра-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 0°С-тан 3°С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 27°С. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Құра және Аракс. Ең үлкен көлдері – Қажықабұл және Бөйүкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым.
Шаруашылығы

Әзірбайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әртүрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзірбайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әртүрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқкиімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.
Машина жасау

Машина жасау саласының мамандану сипаты, ең алдымен, отын-энергетика кешенінің; дамуымен анықталады. Елдің машина жасау кәсіпорындарында кеңес дәуірінен бері мұнай мен газ өндірісіне қажетті құрал-жабдықтар (ең алдымен, бұрғылау қондырғылары) жасалады. Кезінде қарқынды дамыған прибор жасау, электр құралдары мен радиотехника өндірісі қазіргі кезде терең дағдарысты басынан кешіруде.
Көлік жүйесі

Көлік жүйесінде теміржолдардың үлесі жоғары. Елдегі теміржолдың жалпы ұзындығы — 1800 км, ал 1000 км2 аумаққа шаққандағы тығыздығы 24,5 км-ді құрайды. Әзірбайжан аумағы арқылы Ресейді Иранмен жалғастыратын халықаралық теміржол өтеді. Жүк айналымы жөнінен 2-орынды теңіз келігі алады. Баку — Түрікменбашы (бұрынғы Красноводск) аралығындағы паром арқылы Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас жүзеге асырылады. Жүк пен жолаушы тасымалында тасжолдардың да үлесі айтарлықтай. Елде 1000 км2 аумаққа шаққандағы тасжолдардың тығыздығы 264 км, бұл көрсеткіш бойынша Әзірбайжан ТМД елдері арасында Грузия мен Молдовадан кейінгі 3-орынды алады. Құбыр көлігінің де маңызы артып келеді.
Cыртқы экономикаcы

Әзірбайжан Республикасының сыртқы экономикалық, байланыстарында ұзақ жылдар бойы Ресей жетекші орын алып келген болатын. 1995 жылдан бері Иранның үлесі күрт артты. Түрікменстан және Украинамен сыртқы сауда көлемі де ұлғаюда. Әзірбайжан импортында азық-түлік өнімдері (65%) басты орын алады, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Жалпы алғанда, импорт көлемі (1007 млн АҚШ доллары) экспорттан (606 миллион АҚШ доллары) асып түседі. Қазақстан мен Әзірбайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстанда Әзірбайжан Республикасымен бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді.[7]

About us|Jobs|Help|Disclaimer|Advertising services|Contact us|Sign in|Website map|Search|

GMT+8, 2015-9-11 20:13 , Processed in 0.155127 second(s), 16 queries .

57883.com service for you! X3.1

返回顶部